+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ақтау портында

Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі А.Н. Бородавкин Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында Ақтау теңіз портына келді.

Сапар барысында “АТСП” ҰК” АҚ Басқарма төрағасы Абай Түрікпенбаев дипломатиялық ведомство басшысын теңіз портының инфрақұрылымдық объектілерімен және өндірістік үдерістерімен, сондай-ақ, Ақтау портының өткізу қабілетін жылына 22,8 млн. тоннаға дейін, оның ішінде 300 мың ЖФЭ контейнерге дейін ұлғайтуға мүмкіндік беретін даму жобаларының ағымдағы жай-күйімен таныстырды.