+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы инвестициялық және экономикалық ынтымақтастықты кеңейту шеңберінде ҚР-ның Пусан қаласындағы Бас консулдығы Пусан (ВЕРА) қаласындағы экономиканы дамыту агенттігімен бірлесіп, Оңтүстік Корея іскерлік делегациясының Маңғыстау облысына сапары ұйымдастырылды.

Делегация сапарының негізгі мақсаттарының бірі – Қазақстанның батысындағы перспективалы көлік хабы ретінде Ақтау теңіз сауда портының өндірістік қызметімен толық танысу.

Қонақтарды Маңғыстау облысының Индустриалдық-инновациялық даму басқармасы өкілдерінің қолдауымен «АТСП» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Абай Түрікпебаев қарсы алып, делегацияны порт қызметімен таныстырып, теңіз айлағын дамытудың болашақтағы жоспарларын таныстырды.

Сонымен қатар, Ақтау қаласына сапары аясында көлік және логистика саласындағы мәселелерді талқылай отырып, екіжақты логистикалық дөңгелек үстел өтті.