+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

“KTZ Express” АҚ, Ляньюньган портының және KPMC LTD компаниясының бейінді мамандары Ақтау портында

Ақтау портының, “KTZ Express” АҚ, Ляньюньган портының және KPMC LTD компаниясының бейінді мамандары “Ақтау портында контейнерлік хаб салу” жобасы шеңберінде сындарлы және технологиялық шешімдер бойынша екі күн бойы пікір алмасып және талқылау үстінде.
Бүгінгі таңда жоба бойынша ТЭҚ-тің барлық бөлімдерін әзірлеу аяқталды, оны ағымдағы жылдың 2-тоқсанында түпкілікті бекіту күтілуде.
Ляньюньган порты-Қытайдың шығыс жағалауындағы Қазақстан-Қытай логистикалық ынтымақтастық базасы ретінде орналасқан ірі порт.
2014 жылдан бастап Ляньюньган теңіз портында Қазақстан-Қытай логистикалық терминалы жұмыс істейді, онда Қазақстан бағытында жүк ағындары қалыптастырылады.
KPMC LTD компаниясы – Транскаспий бағытын дамыту үшін “ҚТЖ” ҰК” АҚ және PSA International (Сингапур) құрған бірлескен кәсіпорын.