+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

18-20 наурыз аралығында Мәскеу қаласында Transrussia 29-шы халықаралық көрмесі өтті

18-20 наурыз аралығында Мәскеу қаласында Skladtech қойма жабдықтарының 4-ші арнайы экспозициясымен бірге көлік-логистикалық қызметтердің, қойма жабдықтары мен технологияларының 29-шы халықаралық көрмесі өтті.

 

Көрмеге “АТСП” ҰК” АҚ Көлік логистикасы бөлімінің қызметкерлері қатысты.

 

Transrussia көрмесінің 12-бөлімі SkladTech арнайы экспозициясымен бірге бүкіл жеткізу тізбегін қамтиды.

 

Бір алаңда келушілер бизнестің кез – келген міндеттерінің шешімін тапты, ал қатысушылар өз қызметтері мен өнімдерін ең үлкен мақсатты аудиторияға ұсынды.

 

Үш күн ішінде көрмеге 30 217 маман қатысты. 20 елден 580 компания көліктік логистика, қойма жабдықтары мен технологиялары бойынша өз қызметтерін ұсынды.

 

Transrussia көрмесінің қатысушылары Ресей, Әзірбайжан, Беларусь, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Корея Республикасы, Латвия, Моңғолия, БАӘ және әлемнің басқа елдерінен көліктік-логистикалық қызметтер, қойма жабдықтары мен технологиялары нарығының көшбасшылары болып табылады.