Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша Арнайы өкілі Т. Хакала ханым бастаған Еуропалық Комиссия делегациясының Қазақстанға, соның ішінде Маңғыстау облысына іскерлік сапары барысында Еуропа мен Орталық Азия арасындағы қарым-қатынастар стратегиясын құру бойынша халықаралық және аймақтық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.
Ақтау порты алаңында мәртебелі меймандар экономика және қаржы жөніндегі вице-президент М.А. Уилсонмен жүк тасымалы бағыттарының өзгеретін географиясы аясында қазақстандық көлік секторының үнемі өсіп келе жатқан рөлін, сондай-ақ, порт жобаларын дамыту үшін болашақта инвесторларды тарту және қызметкерлер құрамының құзыретін арттыру мәселелерін талқылады.