+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Ақтау порты транзиттік жүк ағымын арттыруға дайын

Еуропалық елдер мен Ресей Федерациясы арасындағы жағдайдың шиеленісуі аясында болып жатқан қазіргі геосаяси өзгерістер қазірдің өзінде Қазақстанның көлік-логистикалық секторындағы компаниялар үшін Ресей және Еуропа теңіз порттары арқылы тауарларды жөнелту кезінде қиындықтар туғызуда.
Қазақстандық жүктерді тасымалдауды логистикамен қамтамасыз ету мәселелерін шешу үшін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бірқатар мүдделі елдердің көлік әкімшіліктерімен келіссөздер мен кеңестер жүргізуде.
Қалыптасқан жағдайда бүгінгі күнге дейін әзірленген TХКМ бағыты қазақстандық және халықаралық экспорттаушылар мен импорттаушылар үшін бір кездері қалыптасқан жеткізу тізбегіне нақты және тиімді балама ретінде қызмет етеді. Ал TХКM қатысушы елдердің теміржол әкімшіліктерімен серіктес Баку, Түркіменбашы және Иран порттары бағытында тұрақты фидерлік желілері Еуропа, Таяу Шығыс, Кавказ маңы елдері нарығына шығу үшін кең логистикалық таңдауды ұсына алады.
Сонымен қатар, Ақтау портында бар инфрақұрылым, техникалық жабдықтар және жүктерді қайта тиеудің заманауи технологиялық үдерістері жүктердің кез келген түрін, соның ішінде контейнерлерді, астықты, мұнай өнімдері мен басқа да басты және сусымалы жүктерді қауіпсіз және тиімді өңдеп, тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілетті.
Барлық мәселелер бойынша мамандар кеңес беріп, сұрақтарға жауап беру үшін бірнеше сенім телефондары көрсетілген:

Ақтау порты:
– коммерциялық жұмыстар бөлімінің бастығы Ануар Нургалиевич Немышов: +7(7292) 44 51 27; + 7 775 362 7273
– көлік логистикасы бөлімінің бас менеджері Қайрат Қалиоллаұлы Қалиолла: +7(7292) 44 51 51; + 7 778 678 7855