+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Ақтау портына ЕО және G7 елшілерінің делегациясы келді

Сапардың мақсаты – Қазақстанның батыс өңіріндегі көліктік-логистикалық кластердің негізгі кәсіпорындарымен жақынырақ танысу.

Еуропалық Одақ елшілері мен өкілдерінің (Австрия, Бельгия, Греция, Испания, Италия, Нидерланды, Финляндия және т.б.), сондай-ақ G7 елдерінің (АҚШ, Ұлыбритания және Жапония) жоғары делегациясын ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Р. Василенко алып келді.

Басқарма төрағасы А.Н. Түрікпенбаев бастаған «АТСП» ҰК» АҚ басшылығы дипломаттар үшін өңірдің басты теңіз айлағында экскурсия өткізді.  Қонақтар мұнай құю айлақтарын аралап, «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» АҚ-ның «Ақтау» танкеріне барып, астық және құрғақ жүк терминалдарының қуаттарын, сондай-ақ болашақ даму аумақтарын көрді.

Сапар барысында қонақтар бүкіл отандық көлік саласын дамытуға жаңа серпін беру үшін жасыл энергетика және инвестициялар саласындағы ықтимал ынтымақтастық мәселелеріне тоқталды.