+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Ақтау портына Халық Үкіметі мен Ляньюньган портының өкілдері келді

Қазақстанның ауқымды жоспарлары – Еуропа мен Азияны байланыстыратын ірі көлік хабына айналуы нарықтардың өзара ашылуы және жеткізілім тізбектерін дамыту арқылы іске асырылуда.

Бүгін Халық үкіметі мен Ляньюньган (ҚХР) портының өкілдері Ақтау теңіз портының ТХКМ буыны ретінде мүмкіндіктерімен танысты.

Қытай делегациясын Ляньюньган қаласының Халық үкіметінің мэрі және “Ляньюньган порты” АҚБ Директорлар кеңесінің төрағасы бастап келді.

Сапар қорытындысы бойынша қонақтар теңіз айлағының жоғары инвестициялық әлеуетін атап өтіп, Еуразиялық трансконтиненталдық тасымалдарды дамыту және Еуразиялық құрлық көпірін салу мәселелерінде белсенді ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.

2014 жылдан бастап Ляньюньган теңіз портында Қазақстан бағытында жүк ағындары пайда болатын қазақстан-қытай логистикалық терминалы жұмыс істейтінін атап өтейік.