+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Ақтау портындағы Түркия Республикасының дипломаттары

Ағымдағы жылдың 30 наурызында Ақтау портына Түркия Республикасының Ақтау қаласындағы жаңадан тағайындалған консулы Альптекин Сабри бастаған Түркия Бас консулдығының делегациясы, сондай-ақ Бюкердің вице-консулы Йылдырым және сауда атташесі Али Токсоз іссапармен келді.

Кездесу барысында “АТСП” ҰК ” АҚ басшысы Абай Түрікпенбаев Түркия елінің бірнеше провинциясындағы жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза болған құрбандарға түрік дипломаттарына көңіл айтты.

Бас консул өз кезегінде Маңғыстау өңірі тұрғандырының бей-жай қарамай Түркияда зардап шеккендерге қолдан келгенше көмек көрсетуде белсенді қатысып, гуманитарлық көмек көрсетуде, соның ішінде Ақтау порты арқылы өтетін ҚХР-дан келіп жатқан көмекті атап өтті.

Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге, атап айтқанда, түрік көліктік-логистикалық компанияларының Ақтау портын дамытудың болашақтағы жобаларына қатысу мүмкіндігіне қызығушылық білдірді.

Атап айтқандай, Маңғыстау облысының Түркия Республикасымен сыртқы сауда айналымы 2022 жылы 73,7 млн. АҚШ долларын құраса, түрік капиталының қатысуымен экономиканың түрлі салаларында 86 кәсіпорын тіркелген.