+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Ақтау портындағы жүк тасымалы әлемдік көшбасшысының өкілдері

13.04.2023 жылы “Shangdong Port Group” (SPG) президенті Li Fengli бастаған делегациясы қазақстандық инвестициялық ынтымақтастық агенттігінің (КАИС) шақыртуымен Қазақстан Республикасына сапары аясында Ақтау портына келді.

Кездесу барысында тараптар өздерінің мүмкіндіктері мен болашақтағы даму жоспарларын таныстырды, сондай-ақ ТХКБ бағыты бойынша транзиттік тасымалдардың тиімділігін арттыру үшін қазақстандық және қытайлық тараптардың қолданыстағы инфрақұрылымы мен артықшылықтарын пайдаланудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар SPG тобына кіретін және әлемдік топ 5 рейтингтегі Ақтау порты мен Qingdao порты арасында достық қарым-қатынас орнатуға келісті.

Тиісті келісіммен порттар “жасыл” және “ақылды” порт құру, персоналды даярлау, пайдалану үдерістерін оңтайландыру, логистика, тәжірибе және ақпарат алмасу, сондай-ақ басқа салалардағы өзара іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық туралы ниеттерін бекітті.

Анықтама:

2019 жылы құрылған және 12 компания мен 4 портты, соның ішінде Циндао портын қамтитын SPG компаниялар тобы жүк айналымы бойынша әлемде бірінші орында. Оның 21 ірі порт ауданы, 360-тан астам өндірістік айлақтары және 320-дан астам контейнерлік тасымалдау бағыттары бар.

Топ Бизнестің 12 сегментінде жұмыс істейді: кеме қатынасы, сауда, логистика, ғылыми-техникалық әзірлемелер, жабдықтар өндірісі, шетелдік даму, инвестициялық басқару, порт құрылысы, қала мен өнеркәсіп интеграциясы, круиздер, мәдениет және туризм, кәсіптік білім және денсаулық сақтау.

2022 жылы SPG жүк айналымы 1,62 миллиард тоннадан асты, ал контейнерлер көлемі 37,29 миллион TEU-дан асып, әлемде бірінші және үшінші орындарды иеленді.