+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Ақтау портында қытайлық кәсіпкерлер кездесті

Қытайлық China Harbor Engineering Company Limited (CHECK) ірі компаниясының өкілдері Ақтау теңіз портына танысу сапарымен келді.

Бүкіл әлем бойынша бірқатар ірі порттарды салу және пайдалану есебінде тұрған ірі құрылыс және инвестициялық компания бола отырып, CHEC компаниясы Ақтау қаласының жағалау аймағын, сондай-ақ өңірдің теңіз инфрақұрылымы объектілерін кешенді дамытуға қатысуға мүдделі.

Компанияның бизнесі 100-ден астам елдер мен аймақтарда ұсынылған, олардың жалпы келісімшарттары 40 миллиард АҚШ долларынан асатын жүздеген халықаралық жобаларды жүзеге асыратын 20 000-нан астам қызметкері бар.

Компания жобаларының қатарында әлемдегі ең ірі  терең теңіз контейнерлік порты Шанхай, әлемдегі порт құрылысы тарихындағы ең ұзын Доха порты (Катар), Израильдің шлюз порты – Ашдод порты бар.