+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Ақтау портында Өзбекстан Республикасының делегациясын қабылдады.

Ақтау портында Өзбекстан Республикасының делегациясын қабылдады. «АТСП» ҰК »АҚ Басқарма төрағасы (Президенті) Абай Түрікпенбаев Өзбекстан Республикасының Көлік министрі Ильхом Махкамов пен «Узбекистон Темир Йуллари» АҚ басшысы Хуснутдин Хасиловты Ақтау портының инфрақұрылымдық мүмкіндіктерімен таныстырды. Өзбекстан делегациясының жауап сапары – тараптардың халықаралық мультимодальдық тасымалдауды ұлғайту мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған қадам. Мәжбүрлі шектеулерге қарамастан, Өзбекстанның контейнерлік жүктерін Ақтау порты арқылы тасымалдау көрсеткіштері өсуде және 2020 жылы 1477 TEU құрады (2019 жылы 210 TEU). Өзбек жүк жөнелтушілерінің жүкті өткізу нарықтарына жеткізуге деген ықтимал қызығушылығы – Ақтау порты арқылы қолданыстағы және дамып келе жатқан бағыттарды жүктеудің нақты алғышарттары. Еске салсақ, осы жылдың сәуір айында Ташкентте «АТСП» ҰК» АҚ мен «Узбекистон Темир Йуллари» АҚ арасында екіжақты ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары мен мақсаттарын айқындайтын Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.