+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Ақтау портында таза энергия жобалары ұсынылды

Goldwin компаниясының өкілдері (2022 жылы – Bloomberg нұсқасы бойынша жел турбиналары нарығының көшбасшысы) Ақтау портында экологиялық таза энергия саласындағы өз жобаларын таныстырды.

Бүгінгі таңда Компания жел электр станцияларының қарқынды дамып келе жатқан сегментімен Орталық Азия нарығын “Бір белдеу, бір жол” өңірлік бастамасының болашақ бағыттарының бірі ретінде қарастырады, бұл электр энергиясының тапшылығын қысқартуға және энергетиканың құрылымы мен қауіпсіздігін жақсартуға мүмкіндік береді.

Бұл ретте Компания Ақтау теңіз торабын жабдықтар мен қосалқы бөлшектерді жеткізу тізбегіндегі стратегиялық әріптес ретінде қарастырады .

Өз кезегінде қонақтар теңіз айлағын дамытудың ағымдағы мүмкіндіктері мен болашақтағы жоспарларымен танысты.