+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Ақтау портының басшылығы «Argus Қазақстан мен Орта Азияның мұнай-газ нарығы – 2023» V халықаралық конференциясының жұмысына қатысты.

2023 жылғы 22 маусымда Алматы қаласындағы дәстүрлі алаңда жетекші тәуелсіз бағалау агенттігі мұнай және мұнай өнімдері нарығындағы маңызды қвтысушыларды, сондай-ақ Қазақстан мен ТМД елдерінің көлік-логистикалық компаниялары мен мемлекеттік органдарының өкілдерін жинады.

«АТСП» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы А. Турикпенбаев конференцияға қатысушыларды Ақтау порты арқылы мұнай ауыстырып тиеу бойынша ағымдағы жағдай және құйылатын мұнай жүгін экспорттау кезінде поттың жүк ауыстырып тиеу қуатын кеңейту болашағы туралы хабардар етті.

Атап айтқанда, Ақтау портының басшысы өз баяндамасында порттың мұнай құю инфрақұрылымының өткізу қабілетін кеңейту бойынша қойылған міндеттерді орындау үшін 3 мұнай құю айлағын қайта құру жобаларын жүзеге асыру және порт айдынында теңіз түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу жоспарланғандығын атап өтті.

Мұнда әкімшілік кедергілерді жоюды және жүктен тыс операциялар уақытын қысқартуды ескере отырып, порттың өткізу қабілеті жылына 17-19 млн. тоннаға дейін жеткізілетін болады.