+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Abu Dhabi Ports компаниясының іс сапары

Ақтау портына Abu Dhabi Ports компаниясының делегациясы келді.

Сапардың негізгі мақсаты қазақстандық порт инфрақұрылымы мен қолданыстағы теңіз көлігімен танысу болды.

Делегация Ақтау портында «АТСП» ҰК» АҚ басшылығы мен «Барыс» контейнер тасымалдайтын кеменің экипаж мүшелерімен кездесті.

 

Анықтамалық ақпарат:

Абу-Даби порттары – Біріккен Араб Әмірліктерінің порты, өнеркәсіптік және логистикалық операторы. БАӘ мен Гвинеяда 11 порт пен терминалды (контейнер, жалпы жүк, Ro-Ro, круиз) басқарады және Абу-Дабидегі Халифа өнеркәсіптік аймағында 550 шаршы километрден астам кеңістікке ие.