+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ өкілдерімен кездесу

2022 жылғы 03 наурызда Ақтау портында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ өкілдерімен кездесу өтті.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ сыртқы логистика бөлімінің басшысы Сергей Долженко Компания алдағы уақытта айына 30-50 мың тонна көлемінде металл бұйымдарын (ыстықтай илемделген орамалар, суықтай илемделген  орамалар, қораптағы қаңылтырлар, мырышталған жаймалар) Әзербайжан, Грузия арқылы Египет және Ливан бағытына Ақтау порты арқылы тасымалдауды қалпына келтіруді жоспарлап отырғанын баяндады.
Дүние жүзінде 222 000-нан астам қызметкері және 60 өкілдігі бар «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы болат өндіру және автомобиль, құрылыс, тұрмыстық техника мен қаптама өндіру бойынша әлемдік нарықта жетекші орынға ие.
Еске салайық, 2018 жылдан бастап Иранға қарсы санкциялық шектеулер Ақтау порты мен компания арасындағы сол кезде орныққан өзара тиімді серіктестікті үзген болатын.