+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

“АТСП “ҰК” АҚ қызметкерлерін іскери әдеп нормалары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға оқыту

2022 жылғы 5 және 6 желтоқсан аралығында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының қызметкерлері іскери әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нормалары бойынша оқыту іс-шарасын өткізеді.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, превенция және оған қарсы іс-қимыл шараларын тиімді іске асыру мақсатында “АТСП” ҰК” АҚ комплаенс-бақылаушысы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын түсіндіруге бағытталған Ақтау порты қызметкерлері үшін практикалық іс-шара ұйымдастырды.

Құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен қызметкерлері, оның ішінде басқарма мүшелері, басшылықтың ашық және адал бизнесті жүргізудің жоғары этикалық стандарттарын ұстануға, корпоративтік мәдениетті жетілдіруге, корпоративтік басқарудың үздік тәжірибелерін ұстануға және Қоғамның іскери беделін жоғары деңгейде ұстап тұрудың жеке үлгісін көрсету дағдыларына ие болады.

Оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде тақырыптық бейнематериалдар мен слайдтар көрсетіле отырып өтеді.