+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Ақтау порты су тасқынынан зардап шеккендерге түскі және кешкі ас ұйымдастырды

“АТСП” ҰК” АҚ ұжымы, атап айтқанда, жүк тиеу-түсіру кешенінің қызметкерлері кәсіподақ ұйымымен бірлесіп, өз бастамасы бойынша барлық қажетті өнімдерді сатып алып, 17 шағын аудандағы Ақтау қаласының технологиялық колледж жатақханасында орналасқан Атырау облысының су тасқыны аймағынан көшірілген тұрғындарына түскі және кешкі ас ұйымдастырды.
Түскі асқа ұлттық тағам – Бесбармақ, кешкі асқа Қуырдақ дайындалды.
Жүк тиеу-түсіру кешенінің стивидоры Мурад Ногаев сол жерде атқару үрдісін басқарды.
Біздің Компания су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек пен қолдау көрсетуді әлі де жалғастырады.