+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Бүгін Ақтау портында “АТСП” ҰК” АҚ басшылығының “Азық-түлік келісім корпорациясы” ҰК” АҚ Басқарма төрағасы Асылхан Джувашев бастаған делегациясымен кездесуі өтті.

Сондай – ақ, делегация құрамында “Азық-түлік келісім корпорациясы” ҰК” АҚ Басқарушы директоры (Басқарма мүшесі) – “Ақ бидай-Терминал” АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Сағат Төлеу және “Ақ бидай-Терминал” АҚ Басқарма төрағасы Сагат Идрисов қатысты.

Ақтау порты арқылы Иранға астықты үздіксіз экспорттық жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында компаниялар тұрақты негізде тығыз байланыста жұмыс істеуде.

“АТСП” ҰК” АҚ Басқарма төрағасы Абай Турикпенбаев “ҚТЖ” ҰК” АҚ және ҚР Үкіметімен бірлесіп, өткен жылдар деңгейінде астық тасымалдау көлемін қалпына келтіру бойынша ҚР АШМ деңгейінде белсенді шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

Өз кезегінде, ” Азық-түлік келісім корпорациясы” ҰК” АҚ Басқарма төрағасы Асылхан Джувашев порт басшылығына кездесуді ұйымдастырғаны үшін алғысын білдіріп, Азық-түлік корпорациясы “АТСП” ҰК” АҚ-мен тығыз өзара іс-қимыл бағытын одан әрі ұстануға ниетті екенін атап өтіп, сондай-ақ Иран бағытында астық экспортын ұйымдастыру мәселелері бойынша ҚР Үкіметі деңгейінде келіссөздер жүргізіліп жатқанын хабарлады.