+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Бүгін Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында Ақтау теңіз портына “Самұрық-Қазына” АҚ Басқарма төрағасы Нурлан Жакупов және “Қазмұнайгаз” ҰҚ АҚ Басқарма төрағасы Максум Мирзагалиев келді

Бүгін Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында Ақтау теңіз портына “Самұрық-Қазына” АҚ Басқарма төрағасы Нурлан Жакупов және “Қазмұнайгаз” ҰҚ АҚ Басқарма төрағасы Максум Мирзагалиев келді.

Қауіпті өндірістік объектіде қауіпсіздік техникасы бойынша міндетті нұсқамадан өткен соң жеке қорғаныш құралдары берілгеннен кейін  делегация теңіз көлігі инфрақұрылымы активтерін қарауға кірісті.

Қарау барысында порт басшысы Абай Турикпенбаев қонақтарды мұнай, астық, бас жүктерді, соның ішінде контейнерлерді ауыстырып тиеуге тартылған теңіз қайраңындағы барлық өндірістік объектілермен таныстырып, сондай-ақ болашақтағы даму жоспары және алдағы капитал салымының көлемі туралы баяндады.

Ол атап өткендей, алдағы 5 жылда Ақтау портында контейнерлік ХАБ салу, жүктеу техникасын жаңарту, 3-ші айлақты ұзартып, 9,10 дәне 12-ші айлақтарды қайта құру, сондай-ақ порт айдынындағы теңіз түбін тереңдету сияқты стратегиялық жобалар өз дамуын бастап, порттың өткізу қабілетін едәуір ұлғайтуға мүмкіндік беретін болады. Мұнда аталған жобаларды жүзеге асыруға жиынтық инвестицияның көлемі шамамен 81 млрд. теңге құрайтын болады.

Кездесуге қатысқан “ҚТЖ” ҰК” АҚ Басқарма төрағасының  логистика жөніндегі орынбасары Ерлан Койшибаев өз кезегінде Қор басшысы сенімді басқарушы “АТСП” ҰК АҚ  жауапкершілігі аймағындағы порт инфрақұрылымының  қуатын толықтыру бойынша ағымдағы және болашақ жоспарланмен таныстысды.

Ұлттық Қор басшысы сапарының қорытындысы бойынша Компания басқарушысының және Ақтау портының  жұмысын  оң бағалап, сондай-ақ көзделген даму жоспарларының сәтті жүзеге асырылуына сенімділік білдірді.