+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Баку қаласындағы кездесу

Қазақстан, Әзірбайжан және Түркия сыртқы істер министрліктері мен көлік ведомстволарының басшылары Бакуде алғашқы кездесуін өткізіп, ауқымды геосаяси трансформация жағдайында сауда-экономикалық, транзиттік, көліктік және энергетикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Осы кездесуге қатысушы барлық елдердің транзиттік әлеуетін арттыру үшін аса маңызды болып табылатын ТХКБ-ны дамытуға ерекше назар аударылды.

Тараптар осы дәліз арқылы операциялар мен рәсімдерді жеңілдету, атап айтқанда «жұмсақ» және «қатты» инфрақұрылымды және цифрландыруды дамыту бойынша бірлескен жобаларды іске асыруды жандандыруға келісті.

Көлік әлеуетін дамытудың негізгі бағыттарына деген көзқарастардың бірлігі мен үкімет деңгейінде білдірілген қызығушылық, әрине, жоспарланған уағдаластықтардың жақын арада жүзеге асатынын көрсетеді.

Жоғары форматтағы кездесуге «АТСП» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы (Президенті) Абай  Ноғайұлы Түрікпенбаев қатысты.

Сонымен қатар, тараптар көлік саласындағы ынтымақтастықты дамыту үшін үшжақты жұмыс тобын құру туралы келісімге келді, оның құрамына Ақтау портының өкілдері де кіреді.