+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Баку қаласындағы ТХКБ отырысы

2021 жылғы 23-24 қыркүйекте Баку қаласында (Әзірбайжан Республикасы) “ТХКБ” ЗТБ басқармасының және жалпы жиналысының отырыстары өтті.

Отырыс барысында ТМ қатысушылары бірқатар ұйымдастырушылық шешімдер қабылдады, ТХКБ бағыты бойынша жүк тасымалдау көлемі және ТХКБ маркетингтік іс-шаралар жоспары ағымдағы жылдың соңына дейін бекітілді.

Сондай-ақ Ақтау және Баку (Алят) порттары арасындағы тікелей халықаралық темір жол-су қатынасындағы контейнерлік тасымалдарды ұйымдастыру туралы келісімнің және ТХКБ маршруты бойынша контейнерлік поездар құрамында жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру кезіндегі өзара іс-қимыл және жауапкершілік шаралары туралы келісімнің мәтіндері қайта қаралып, бекітілді.

Отырыстарға Ақтау портының Басқарма Төрағасы (Президент) Абай Түрікпенбаев пен коммерция жөніндегі басқарушы Мартин Воетманн қатысты.