+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Балтық елдерінің компаниялары қазақстандық көлік ағындарына тартылуда

Ақтау портына Латвия Республикасы Көлік министрінің орынбасары Улдис Рейманис танысу сапарымен келді.

Сапар барысында “АТСП “ҰК” АҚ президентінің м. а. Әмір Атамбаев латвиялық қонақты Ақтау портының инфрақұрылымдық және инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстырды, сондай-ақ перспективалық даму жобаларының техникалық және қаржылық көрсеткіштері туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

ТХКБ маршрутының қарқынды дамуы Балтық жағалауы компанияларын кеңейіп жатқан көлік ағындарына тарту үшін алғышарттар жасайды.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 29 қазанында Ақтау қаласында өткен ТХКБ Жалпы жиналысының отырысында LG Cargo (Литва темір жолдары) компаниясы Қауымдастық құрамына қабылданды.

Осылайша, бүгінгі таңда ТХКБ қауымдастығының құрамы 25 компанияға дейін өсті және оны 11 ел ұсынады.