
«Баутино» жүк ауданы “Ақтау теңіз сауда порты” ұлттық компаниясы” акционерлік қоғамының бөлімшесі болып табылады, Түпқараған түбегінің Баутино мүйісінің айдынында, Баутино кентінде (Ақтау қ.-нан 150 шақырым) орналасқан.
Баутино порты 200 мың тоннаға жуық жүкті өңдеп шығуға қабілетті. Оның негізгі артықшылығы – толқыннан табиғи қорғалғандықтан, кемелердің рейдте тұрып қалмай дауылды ауа райында да жүк тиеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беруінде.
Мүмкіндіктері:
- Навигациясы – жыл бойғы
- Жұмыс кестесі – тәулігіне 24 сағат
- Айлақ саны – 1
- Айлақ қабырғасының ұзындығы – 150 м
- Айлақ тұсының тереңдігі – 5,5 метр
- Жүк тиеу-түсіру техникасы – жүк көтерімділігі 32 және 5 тонналық 2 порталды кран.
- Жүк номенклатурасы: өнеркәсіп жабдықтары, құрылыс материалдары, ұлутасты блоктар, құрылыс және отын ағаштары, азық-түлік, малға қоспажем, контейнерлік жүктер, металлолом және басқалар.
Байланыс:
Сақтағанов Мырзабек Жанапиұлы
«Баутино» ж/а бастығы
- тел.: 8 (72938) 24888
- e-mail: saktaganov_m@aktauport.kz
Қийнов Қаныбек Көшерұлы
ЖТТК бастығы
- тел.: 8 (72938) 24049
- • ұялы тел.: +7701522640
- e-mail: kiinov_k@aktauport.kz