+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Бірлік пен тұрақтылық!

1-мамыр — бүкілхалықтық бірлік күні,   Қазақстан халқы арасында достық пен келісім,  патриотизм,  ел мен халық ықыласының мерекесі.

Қазақстан халқы бірлігі күніне орай Ақтау портында “АТСП”  ҰК” АҚ жұмыскерлері арасында ұлттық тағамдар конкурсы ұйымдастырылды.

Ақтау портының басшысы өз құттықтауында Қазақстанның теңіз қақпасында 15 ұлт өкілі еңбек етіп, күн сайын өндірістік күрделі мәселелерді бірге шешіп,  қойылған мақсаттарға бірге жетіп жүргенін атап айтты.

Ал,  тек Ақтау портының жұмыскерлерінен құрылған  конкурс қатысушылары әзірбайжан,  қазақ,  орыс,  түркімен және өзбек халықтарының ұлттық тағамдары мен салт-дәстүрлерін шынайы жеткізе білді.

Конкурс қатысушыларының барлық талпынысы  әділ бағаланып,  ұжымдастарын сахналық және әншілік өнерлерімен таң қалдырды.

Жүлделі сертификаттарды барлық команда мүшелері иеленді.

Барлық қазақстандықты халықтар бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!