+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні

Бүгін бүкіл әлемде атап өтілетін Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні аясында “АТСП” ҰК” АҚ еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік қызметі “Қауіпсіз және салауатты өндірістік орта – еңбек саласындағы негізгі қағидат пен құқық” тақырыбында іс-шара өткізді.

Бұл күн Халықаралық еңбек ұйымының шешімі бойынша жұмыста қаза тапқан немесе жарақат алған жұмыскерлерді еске алудың халықаралық күні болып табылады.

Ақтау теңіз портының бас инженері Амир Атамбаев өз баяндамасында атап өткендей, өмірден асқан құнды ештеңе жоқ. Әлем халқының көп бөлігі саналы өмірінің үштен бірінен астамын жұмыс орнында өткізіп, қоғамның дамуына үлес қосады. Егер жұмыс орнындағы өмірге қауіп төнсе, онда өндірістік жұмыспен қамту және әлеуметтік-экономикалық даму үшін негіз жоғалады.

Іс-шара барысында порт қызметкерлеріне “Самұрық-Қазына” АҚ Басқарма төрағасы Н.Қ. Жақыповтың бүгінгі күннің тақырыбына орайластырылған бейнеөтініші көрсетілді.