+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Германияның Федералды Президентінің сапары

Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапар аясында Германияның Федералдық президенті Франк-Вальтер Штайнмайер өңірдің экономикалық әлеуетімен танысу үшін Маңғыстау облысында болды.

Сапар барысында жоғары дәрежелі мейман Қазақстан экономикасының басым саласындағы секторлардың бірі – Батыс Қазақстанның көлік-логистикалық кластерін дамытумен таныстырылды.

Құрық порты алаңында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Карабаев неміс мемлекетінің басшысына республиканың транзиттік әлеуетін дамытудағы министрліктің стратегиялық көзқарасын ұсынып, ТХКМ маршрутының тартымдылығын арттыру шараларын атап өтті.

Бұдан басқа, неміс көшбасшысына аяқталғасын қазақстандық порт инфрақұрылымының жиынтық өткізу қуатын жылына 17,3 миллионнан

39,3 миллионға жеткізуге мүмкіндік беретін Ақтау және Құрық теңіз порттарын болашақта дамыту жобалары көрсетілді.

Сондай-ақ, ҚТЖ баспасөз қызметі хабарлағандай, мемлекеттік сапар аясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «Rhenus» неміс компаниясы арасында өзара түсіністік туралы меморандум жасалды.

Соның аясында тараптар Транскаспий халықаралық көлік маршруты бойынша жүк ағымын ұлғайтуда брлесе жұмыс істеуге ниеттенді. Құжат Ақтау және Құрық порттарының терминалдық қуатын ұлғайту және логистикалық оталықтарды дамыту саласындағы өзара іс-қимылдарды қарастырады.

Транзиттік әлеует пен жағалау инфрақұрылымын дамыту жобаларымен қатар ГФР президенті Қазақстан-неміс инжиниринг институтының ашылу және «Svevind» шведтік-германиялық компаниясының жасыл сутегі өндіру зауытында алғашқы бұрғылауды іске қосу рәсіміне қатысты.