+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Говсан порт делегациясының сапары

2022 жылғы 4 ақпанда «АТСП» ҰК» АҚ басшысы А.Н. Түрікпенбаевтың шақыртуымен Ақтау портына Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тұрақты контейнерлік тасымалдау саласындағы ынтымақтастықтың болашақтағы жоспарын  талқылау және порт қызметімен танысу  шеңберінде «Баку Говсан халықаралық теңіз сауда порты» ААҚ делегациясы келді.

Әзербайжандық әріптестермен кездесуге сонымен қатар «TХКБ» халықаралық қауымдастығының Бас хатшысы Гайдар Абдикеримов, «KTZ Express» АҚ Бас директорының логистика жөніндегі орынбасары Айбек Қапар, сондай-ақ «Қазтеңізкөлікфлоты» ҰТКК» ЖШС өкілдері қатысты.

Анықтамалық ақпарат:

Говсан порты жыл бойы кемелер үшін ашық және ұзындығы 150 метрге дейінгі кемелерді қабылдай алады.

Контейнерлерді тиеу операциялары алты айлақтың төртеуінде жүзеге асырылады. Теміржол құрамын кемеге/кемеден, сондай-ақ жүк алаңшаларын тікелей нұсқада өңдеу мүмкіншілігімен теміржол желісі бар.