+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Ірі бизнес Ақтау портын таңдайды

Ағымдағы жылдың 10-шы наурызында «АТСП» ҰК» АҚ басшылығы «TransCom» ЖШС өкілдерімен келіссөздер жүргізді, кездесу барысында аталған компанияның Басқарма төрағасы Юлдаш Ибрагимов өзара тиімді ынтымақтастықтың болашағына сенім білдірді.
TransCom бастапқы кезеңде Ақтау порты арқылы алюминий (айына 600 ЖФБ), ферроқорытпалар (айына 1300 ЖФБ), алюминий тотығы (айына 10 мың тонна) сияқты жүк түрлерін жөнелтуді жоспарлап отыр.
Анықтама үшін: «TransCom» ЖШС «Eurasian Recourses Group» қазақстандық металлургиялық корпорациясының көлік бөлімшесі болып табылады. Топтың 50 миллион тоннадан астам жүктерін тасымалдауды жүзеге асырады, бұл Қазақстан темір жолы арқылы жүзеге асырылатын барлық тасымалдың 18% құрайды.
Компанияның иелігінде 12 000-нан астам вагондар (үсті ашық вагондар, хоппер-цемент тасымалдағыштар, орама тасымалдағыштар, думпкарлар), 700 платформалар мен 1 850 контейнерлер бар.