+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

“Көлік және логистика нарығы” 3 халықаралық конференциясы

2021 жылдың 13-14 қазанында Алматы қаласында “Көлік және логистика” атты 24–ші Қазақстандық халықаралық көрме аясында “Көлік және логистика нарығы” ІІІ Халықаралық конференциясы өтті.

Қазақстанның теңіз инфрақұрылымына арналған тақырыптық сессияда “АТСП “ҰК” АҚ Басқарма төрағасы (Президенті) Абай Түрікпенбаев баяндама жасап, контейнерлеудің артып келе жатқан рөлін және Ақтау порты қабылдап жатқан осы перспективалы бағыттағы шараларды атап өтті.

“Ақтау портының алаңдарында әлемдік контейнерлік желілердің контейнерлерін (MSC, CMA CGM, MAERSK және т.б.) сақтау және жинақтау үшін жаңа сервистер құрылатын болады, бұл контейнерлік тасымалдарды орта мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарлауға, Каспий өңірі мен Орта Азия елдері үшін контейнерлік паркті қалыптастыруға мүмкіндік береді және клиенттерге өз жүктерін портқа дейін автокөлікпен де, теміржол жылжымалы құрамымен де жеткізу үшін осы жүктерді контейнерлерде одан әрі жөнелту үшін қолайлы жағдайлар жасалатын болады” – деп А. Турикпенбаев атап өтті.

Конференцияға қатысушылар Орталық Азия елдерінің логистикалық нарығын дамытудың жаһандық перспективаларын, COVID-19 пандемиясының халықаралық логистикалық қызметтер нарығына әсерін, сондай-ақ заманауи логистикалық трендтерді талқылады.