+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Констанца қаласында (Румыния) Қазақстанның Румыниядағы Елшілігінің қолдауымен Констанца портының Бизнес – қауымдастығы (CPBA) ұйымдастырған “Каспий теңізі – Қара теңіз дәлізі және Констанца порты-Еуропаға жол” форумы өтті

2023 жылғы 6-7 сәуір аралығында Констанца қаласында (Румыния) Қазақстанның Румыниядағы Елшілігінің қолдауымен Констанца портының Бизнес – қауымдастығы (CPBA) ұйымдастырған “Каспий теңізі – Қара теңіз дәлізі және Констанца порты-Еуропаға жол” форумы өтті.

Қазіргі жағдайда сауда, энергетика және көлік саласындағы сенімді іскерлік әріптестік пен ынтымақтастықты іздеу іс-шараның негізгі тақырыбы болды.

Форум алаңында Қазақстан, Грузия, Әзірбайжан және Румыниядан келген теңіз, теміржол, логистикалық операторлар мен жүк жөнелтушілердің өкілдері жиналды, ал шақырылған қонақтар арасында Констанца қаласы әкімшілігінің, ТХКБ және ТРАСЕКА қауымдастығының басшылары, Румыния Үкіметі мен парламентінің мүшелері болды.

Форум барысында Ақтау және Констанца порттарының логистикалық әлеуеті және олардың ТХКБ одан әрі дамытудағы маңыздылығы жеке атап өтілді.

* CPBA – Констанца Қара теңіз портының порт операцияларының көпшілігін біріктіретін ұйым, оның қатысушылары порттың жүк ағымының 85% – дан астамын: астық, тыңайтқыш, темір рудасы, көмір, контейнер, сондай-ақ сусымалы және жобалық жүктерді өңдейді.