+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Logitrans 2023

2023 жылғы 15-17 қараша аралығында Ыстамбұл қаласында (Түркия) Logitrans халықаралық көлік логистикасы көрмесі өтті. Logitrans көрмесі логистика индустриясы үшін Еуропа мен Азия арасындағы құрлықаралық жеткізу тізбегінде Іскерлік қатынастар орнату тұрғысынан ең қуатты платформа болып саналады.

 

Көрмеге Ақтау теңіз сауда портының көлік логистикасы бөлімінің қызметкерлері қатысты.

 

Биылғы жылы көрмеге әлемнің 23 елінен 170 компания өз қызметтерін ұсынды, ал келушілер саны 16 мыңнан асты.