+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Ляньюньган қалалық Әкімдігінің делегациясы

“Ақтау теңіз порты” АЭА аумағында “Ақтау қаласындағы Еуразиялық жеткізу тізбегі базасының” құрылысын іске қосу іс-шарасы қарсаңында Ляньюньган қаласы (ҚХР) мэриясының делегациясы Ақтау портына келді.

Ресми делегацияны “АТСП “ҰК” АҚ Басқарма төрағасы (Президенті) Абай Түрікпенбаев қарсы алып, порттың инфрақұрылымымен танысу барысында қонақтарға  теңіз айлағының ағымдағы және болашақтағы мүмкіндіктері туралы хабардар етті.

Ақтау портының қуаттылығы АЭА аумағында шығыс әріптестер іске асыратын құрастыру және қайта өңдеу өндірістерін құру мүмкіндігі бар кедендік логистикалық қойма салуды көздейтін жобаның толық ауқымды жұмыс істеуі үшін сөзсіз талап етілетін болады.

Инвесторлар атап өткендей, жоба Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойындағы сауданы дамыту мүддесі үшін логистикалық инфрақұрылым мен қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Ал салада білікті кадрларды қалыптастыру үшін жоба шеңберінде жергілікті кәсіптік-техникалық оқу орындарымен серіктестікте кәсіптік оқыту бағдарламасы дайындалып, енгізілетін болады. Кем дегенде 120 жас маман логистикалық және жеңіл өнеркәсіпте жұмыс істеу үшін қажетті негізгі білім мен дағдыларды алады.