+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында «ҚазТрансОйл» АҚ Бас директоры (Басқарма төрағасы) Талғат Құрманбаев Ақтау портында болды.

Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында «ҚазТрансОйл» АҚ Бас директоры (Басқарма төрағасы) Талғат Құрманбаев Ақтау портында болды.

Сапар барысында «АТСП» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы (Президенті) Абай Түрікпенбаев қонақтарды Ақтау портының ағымдағы инфрақұрылымдық мүмкіндіктерімен, сондай-ақ жақын арада өндірістік қуаттарды қайта құру және жаңарту бойынша жоспарлармен таныстырды.

Осы жоспарлардың ішінде «Теңізшевройл» ЖШС және «Қазтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС-мен бірлесіп «№9 және 10 мұнай құю айлақтарын қайта құру» жобасы әзірленуде, оны жүзеге асыру Ақтау портының мұнайды жылына 12,5 млн. тоннаға дейін ауыстырып тиеу мүмкіндігін қалпына келтіреді.