+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Оқыту арқылы дағдыларды жетілдіру

Бүгін Ақтау портында мұнайдың авариялық төгілуін оқшаулау және жою бойынша оқу-жаттығулар өтті.

Оқу-жаттығудың мақсаты-Ақтау порты бөлімшелерінің қатысушы мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимылын пысықтау және практикалық дағдыларды жетілдіру.

“Оқиғаның” тактикалық жағдайы – танкер бортынан порт айдынының бір бөлігін ластауға әкеп соқтырған мұнай пленкасын қалыптастырған мұнай төгілуін көздеді. Сонымен қатар, қысқа тұйықталу нәтижесінде танкердің өзінде электр кабелінің өртенуі орын алды.

Порт жұмыскерлерінің оқиғаның алғашқы минуттарынан бастап үйлесімді іс-қимылдары және Маңғыстау облысы бойынша ТЖД қызметкерлерінің дереу келуі және оқиға орнына 13 адамнан тұратын “ҚТЖ “ҰК” АҚ өрт пойызы есебінің нормативтік мерзімдерде өрт пен мұнайдың төгілуін оқшаулауға және жоюға мүмкіндік берді.

Оқу-жаттығуларға сондай-ақ “АТСП “ҰК” АҚ порт флотының арнайы кемелері, қалқымалы мұнайды оқшаулау және жинау, эмульсияны сақтау құралдары, су пердесі жүйесі және стационарлық көбік генераторлары, сондай-ақ 5 бірлік техника жұмылдырылды.

Оқу-жаттығудың барлық кезеңдерінің барысын Маңғыстау облысы бойынша ТЖД, Шекара қызметі департаментінің, “АТСП” ҰК” АҚ жалғыз акционері “Самұрық-Қазына” АҚ қоғаммен байланыс, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Г.К. Ауғанова, сондай-ақ “ҚТЖ” ҰК”АҚ бөлімшелерінің өкілдері мен Ақтау портының басшылығы бақылады.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің пікірінше, порт айдынында мұнай төгілуін оқшаулау және жою, сондай-ақ танкер бортындағы өртті сөндіру бойынша сауатты ұйымдастырылған іс-қимылдар нәтижесінде оқу-жаттығудың қойылған міндеттері орындалды.