+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Әлеуметтік жауапкершілік

«Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ-нда көп ұлтты кәсіби мамандар жұмыс жасайды. 540 адам Компанияны нарықта алдыңғы орынға шығуы үшін күші мен талантын қосып жұмыс істеуде.

2015 жылы «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ республикалық «Парыз» конкурсында ірі кәсіпкерлік субъектілері арасында «Үздік әлеуметтік-жауапкершілікті кәсіпорын» номинациясы бойынша үшінші орынға ие болып, үздіктердің бірі ретінде танылды.

«Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ қызметкерлерді басқару жүйесі еңбек қатынасы саласындағы (жұмыскерлерге жеңілдіктр мен кепілдіктер беру мәселесін қоса алғанда) Компанияның әлеуметтік жауапкершілігіне және Компания мен қоғамның қатынас жүйесіне, сонымен қатар қызметкерлерді басқару саласындағы нормативтік актілерге сүйенеді.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 156 бабына сәйкес, «АХТСП» ҰК» АҚ-нда «АХТСП» ҰК» АҚ мен оның жұмысшылары арасында ұжымдық келіссөздерді жүргізу, жобаларды дайындау, ұжымдық шартты жасау және оның жүзеге асырылуын бақылау және оны толықтыру мен өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстарды әзірлеу бойынша комиссия құрылды.

Компания мен оның еңбек ұжымының арасындағы ұжымдық шартта Қоғамның жұмыскерлері мен зейнеткерлерін материалдық қолдаудың негізгі бағыттары белгіленген.
Порт аумағында Спорттық-сауықтыру кешені салынған. Жұмыскерлер жұмыстан бос уақытында замануи жаттығулар залына, аэробика сабақтарына барып, үстел теннисін ойнай алады.

“АХТСП” ҰК” АҚ -да жұмыскерлердің балаларының жазғы демалысын ұйымдастыруға ерекше назар аударылады. Балалар әр жылдарда республикалық және шетелдік балаларды сауықтыру орталықтарына барып демалды. 2017 жылы Әзірбайжан Республикасындағы сауықтыру лагеріне Қазақстаннан алғаш рет Ақтау порты жұмыскерлерінің балалары барып демалып қайтты.

Компания басшылығы еңбекті қорғау және жұмыскерлер қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың еңбек жағдайын жақсарту, ауыр, зиянды және ерекше жұмыс жағдайларына байланысты өтамақыларды сақтау бойынша жұмыскерлерге қатысты әлеуметтік саясатын тұрақты жүргізіп келеді.

2021 жылы шектеу шаралары жңілдегесін, порт ұжымы порттың 58 жылдық мерекесін атап өтті. 

Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шараларды қолдау мақсатында, порт жұмыскерлері Ақтау қаласының маңындағы жағалауды тазартты. Тимбилдинг аясындағы шағын спорттық шаралар ұжымның татулығы мен топтық жұмысын көрсетті.

Ақтау портының басшылығы порттың игілігі үшін бірнеше жыл жұмыс істеген және Порттың қалыптасуына, дамуына және жұмысына үлкен еңбек сіңірген жұмыс істемейтін зейнеткерлерге, порт ардагерлеріне, Каспий ардагерлеріне қолдау көрсететінін атап өткіміз келеді.

2020-2022 жылдарға арналған “АТСП “ҰК” АҚ мен оның еңбек ұжымы арасындағы ұжымдық шартының 9.7. тармағы 9.7.1 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын немесе Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар, қоғамнан зейнеткерлікке шыққан және қоғамда есепте тұрған жұмыс істемейтін зейнеткерлер үшін:

1) ай сайын Қазақстан Республикасында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 5 еселенген мөлшерінде материалдық көмек төленеді.

2) Маңғыстау облысы бойынша COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуына байланысты эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты жеке қорғаныш құралдарын және дәрілік заттарды сатып алуға 2020 – 2021 жылдары біржолғы материалдық көмек көрсетілді – бір зейнеткерге 20 АЕК мөлшерінде.