+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Порт жұмыскерлері жалпықалалық сенбілікке қатысты

Өткен сенбіде Ақтау теңіз портының жұмыскерлері жалпы қалалық экологиялық сенбілікке қатысып, Өмірзақ ауылының әкімдігіне қарасты аумақтарда тазарту жұмыстарын жүргізді.

Қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған порт жұмыскерлері теңіз портына іргелес елді мекеннің санитарлық аумақтарын қоқыстардан тазартты.

Эко-сенбілік барысында барлығы 60-тан астам қап қоқыс жиналды, олардың басым бөлігі пластиктен және бірнеше тонна құрылыс қалдықтарынан тұрды .