+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Иран үкіметаралық комиссиясының 17-отырысы

Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Иран үкіметаралық комиссиясының 17-отырысы аясында (Тегеран қаласы) «АТСП» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Абай Түрікпенбаев Иранның Порттар және кеме қатынасы ұйымы, Жол және қаланы дамыту министрлігі, Иранның Астара, Анзали, Амирабад порттарының басшылары, сондай-ақ IRISL group және Khazar-Shipping кеме қатынасы компанияларының өкілдерімен келіссөздер жүргізді.

Келіссөздердің негізгі тақырыптары – ҚХР-Ақтау порты-Иран бағытында өзара транзиттік жүк айналымын ұлғайту, Үндістан/Парсы шығанағы елдері/Шығыс Африка – Иран – Қазақстан/Орталық Азия елдері мен Ресей желісін құру, сондай-ақ Қазақстан мен Иран порттары арасындағы паром желісіне арналған алғы шарттарды қалыптастыру.