+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

“Спортшы отбасым” атты спорттық іс-шара

“АТСП” ҰК” АҚ Халықаралық балаларды қорғау мерекесіне орай, Қоғам жұмыскерлері мен олардың отбасы мүшелерінің қатысуымен “Спортшы отбасым” атты спорттық іс-шараны ұйымдастырды.

Аталған іс-шараға порт қызметкерлері арасынан 4 команда қатысты.
Жарысқа қатысу үшін команда отбасы мүшелерінен тұруы керек-4 адам: әкесі, анасы, 7-13 жас аралығындағы 2 бала.

Спорттық сайысты Ақтау теңіз сауда портының Операциялық жұмыстар жөніндегі атқарушы директоры Вячеслав Хартян ашып, Балалар мерекесімен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Байқау бірнеше қызықты кезеңдерден тұрды. Балалар ата-аналарымен бірге эмоционалды түрде берілмей, жеңіске жетуге бар күш-жігерімен тырысты. Теңіз портының қызметкерлері топ мүшелеріне үлкен қолдау көрсетті.

Жеңістің қорытындысы бойынша еш команда сыйлықсыз қалмады. 3 жүлделі орынға және қатысушы 4-ші командаға грамоталар мен спорттық дүкенге сертификаттар табысталды.

“АТСП” ҰК” АҚ байқаудың балалар мен олардың ата-аналарына есте қалуы үшін барынша тырысты.
Біздің Компания балалардың ата-аналарымен бірлесіп, отбасындағы қолайлы және сенімді қарым-қатынастарды қалыптастыру және балаларға оң әсер ету үшін түрлі конкурстар мен жарыстарға белсенді қатысуына ерекше назар аударады.