+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Су тасқынанын зардап шеккен аумақтарға гуманитарлық көмек

Қазақстанның бірнеше облысындағы ауқымды су тасқынына байланысты “Ақтау теңіз сауда порты” ҰК” АҚ басшылығы мен қызметкерлері шетте қалмай, зардап шеккендерге көмек қолын созды.

Қысқа мерзімде қаражат жиналып, қажетті заттар сатып алынды.

Сатып алынған гуманитарлық көмек зардап шеккен аудандарға жіберуді ұйымдастыратын “біз адамдармыз, біз біргеміз” қайырымдылық қорының қабылдау бекеттеріне берілді және бүгін Ақтөбе мен Оралға жіберілді.

Тек ауызбіршілікпен біз кедергілерді жеңіп, осындай қиындықтарға төтеп бере аламыз.