+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Түрік инвесторлары порт логистикасы саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін зерттеп жатыр

08.06.2023 ж. «АТСП» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы А.Н. Түрікпенбаев «Albayrak Group» ірі түрік холдингінің  Директорлар кеңесінің төрағасы Ahmet Albayrak бастаған холдинг басшылығымен кездесті.

Кездесу Ақтау портының алаңында өтіп,  АЭА шекарасындағы порт логистикасы саласындағы тараптардың ынтымақтастық мүмкіндіктері тақырыбы талқылады.

Ақтау портының басшысы түрік қонақтарына теңіз айдынының  инвестициялық әлеуетін іске асыру мүмкіндіктерін таныстырып, ағымдағы операциялық үдерістерді көрнекі түрде көрсетті.

Әлеуетті инвесторлар порттың дамыған инфрақұрылымының мүмкіндіктерін, оны одан әрі жақсарту бойынша қабылданып жатқан қадамдарды жоғары бағалап,  ынтымақтастықты нығайтуға мүдделілігін атап өтті.