+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

ТХКБ маршрутындағы аралық нәтижелер

Ағымдағы жылдың 30 мамырында Шымкент қаласында Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) дамыту жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Күн тәртібінде қауымдастықтың операциялық қызметі және 2024 жылдың 4 айындағы тасымалдарды талдау мәселелері.

2024 жылдың қаңтар-сәуір айларында Қытай – Әзірбайжан/Грузия/ одан әрі Түркия мен Еуропа елдеріне қатынайтын 34 контейнерлік пойыз жіберілді, ал 2023 жылы осындай көрсеткіш 4 контейнерлік пойызды құрады. Қарастырылып отырған кезеңде Ақтау – Баку – Ақтау бағыты бойынша фидерлік қатынаста 9 259 ЖФЭ (29 айналма рейс) тасымалданды, оның ішінде: Шығыс-Батыс (Ақтау – Баку) бағыты бойынша – 5 711 ЖФЭ, Батыс-Шығыс (Баку-Актау) бағыты бойынша – 3 548 ЖФЭ.

Қауымдастық мүшелерінің күшімен 2024 жылдың қаңтар-мамыр айларында ҚХР-дан (Сиань, Чунцин, Нанкин) Алтынкөл шекарасынан Әзірбайжанға (Апшерон), Грузияға (Тбилиси) және үшінші елдерге (Поти/Батуми) 61 толық құрамды контейнерлік пойыздарды өткізу ұйымдастырылды.

Қалыптасқан геосаяси жағдайларда ТХКБ сервистері еуразиялық кеңістіктегі ең маңызды көліктік-логистикалық шешімдерге айналды, мұнда контейнер ағындарын тартудың негізгі критериі әсіресе контейнерлік поездар құрамында тасымалдау кезінде жеткізу жылдамдығы болып табылады.