+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Тікелей пікір алмасу

Бүгін Ұлттық сараптамалық ақпараттық платформа алаңында тікелей эфирде TransExpert.kz «Каспий көлік торабын қайта жүктеу» тақырыбында көлік саласының басшылары мен сарапшыларының қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Бейінді мемлекеттік орган өкілдерінің, нарық қатысушыларының және салалық қауымдастықтардың қатысуымен өткен дөңгелек үстел Каспий теңізі бойынша жүктерді тасымалдаудың ағымдағы және болашақ  мүмкіндіктерін ашық талқылауға арналған алаңға айналды. Іс-шараға қатысушылар жүктерді уақтылы тасымалдау қажеттілігін қанағаттандыруға және ең алдымен ТХКБ бағыты бойынша іске асырылатын және жоспарланатын шаралар туралы пікір алмасты.

Талқылау барысында “АТСП” ҰК” АҚ Басқарма төрағасы Абай Түрікпенбаев туындаған геосаяси жағдай біздің отандық экспорттаушыларымызды өз жүктерін ТХКБ маршрутына қайта бағыттауға итермелегенін, бұл өз кезегінде өткен жылдың 2-тоқсанында контейнерлік жүктерді ауыстырып тиеу көлемінің күрт өсуіне әкелгенін атап өтті. Егер ақпан айында Ақтау порты арқылы 1 657 teu контейнері ауыстырып тиелген болса, сәуір айында бұл көрсеткіш 2 есеге өсіп, 3 099 TEU құрады, ал 2022 жылғы маусымда контейнерлерді ауыстырып тиеу көлемі 4 152 teu-ға жетті.

ҚТЖ компаниялар тобы бойынша келісілген іс-қимылдар маршруттың қазақстандық бөлігінің инфрақұрылымына жүктемені нивелирлеуге және өсіп келе жатқан ағынмен күресуге мүмкіндік берді, атап айтқанда Ақтау портында өндірістік процестер оңтайландырылды және бақылаушы мемлекеттік органдармен жедел өзара іс-қимыл жасалды, бұл кемелердің өндірістік емес тоқтап қалуының төмендеуіне ықпал етті.

Дөңгелек үстел жұмысына ҚР ИИДМ, “KTZ Express” АҚ, ТХКБ, “KAZLOGISTICS”, Ақтау және Құрық порттарының, сондай-ақ “Қазақтеңізкөлікфлоты” ҰТКҚК басшылары мен өкілдері қатысты.

Іс-шараның модераторлары: Жанна Исингарина, ҚР салалық медиа қауымдастығының төрағасы және Мұрат Әбенов, қоғам қайраткері, тұтынушылардың құқықтарын қорғау коалициясының төрағасы.

Пікірталас теңіз және мультимодальды тасымалдарды дамытудың өзекті мәселелерін жарыққа шығаруға және бар проблемаларды шешуге назар аударуға мүмкіндік берді.