+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Транзиттік жүктердің өтуі ТХКМ бағыты бойынша екі есеге қысқарды.

Қазақстан Үкіметі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2023 жылғы 3 наурызда ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту шараларына арналған кеңес өтті.

Атап айтқанда, маршруттың қазақстандық учаскесіндегі белсенді жұмыстың арқасында республика аумағы бойынша транзиттік жүктердің өту мерзімі өткен жылмен салыстырғанда екі есеге: 12 күннен 6 күнге дейін қысқарды. Бұл көрсеткішті 2023 жылдың қорытындысы бойынша 5 күнге дейін жеткізу жоспарлануда.

Жалпы, Қытайдан Қара теңіз порттарына дейінгі жүктерді жеткізу мерзімі ТХКБ бағыты 38-53-тен 19-23 күнге дейін төмендеді, ал ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша 14-тен 18 күнге жетуі тиіс.

Маршруттағы инфрақұрылымдық қуаттарды одан әрі жаңғыртуға бағытталған шаралар арасында Ақтау портының контейнерлік хаб құру, қайта тиеу техникасы паркін жаңарту және мұнай құю айлақтарын қалпына келтіру жөніндегі жобалары талқыланды.

Сонымен қатар, Құрық портында жаңа айлақ салу, көпфункционалды және астық терминалдарын іске қосу жоспарлануда. Сондай-ақ, Каспийде 2030 жылға дейін 10 мұнай құю баржасы, 8 паром, 6 танкер және контейнерлік кемелер жұмыс істей бастайды деп күтілуде.