+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

ТРАСЕКА ҮАК Бас хатшысымен кездесу

2022 жылғы 21 ақпанда Ақтау порты алаңшасында ТРАСЕКА Үкіметаралық комиссиясының Бас хатшысы Әсет Асавбаев ТРАСЕКА ҮАК ағымдағы бастамаларын, жоспарлары мен жобаларын талқылау үшін «АТСП» ҰК» АҚ, «Құрық порты» ЖШС,  «Қазтеңізкөлікфлот» ҰТКҚК» ЖШС және Қазақстанның теңіз порттары әкімшілігі өкілдерімен кездесу өткізді.
ТРАСЕКА ҮАК Бас хатшысы Қазақстан Республикасына сапары бағдарламасының аясында Тұрақты хатшылықтың 2021 жылға арналған жұмыс қорытындысын және алдағы кезеңде қызметтің болашақ бағыттарын талқылау мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, «ҚТЖ» ҰК» АҚ және «TХКБ» қауымдастығының басшылығымен кездеседі.