+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Жүк айналымы нарығының трендтері

Астанада “Қазақстан мен Орта Азияның экспорттық әлеуеті: проблемалар мен шешімдер” тақырыбында “Атамекен” ҚР ҰКП, “KAZLOGISTICS” Қазақстан көлік қызметкерлері одағы, салалық қауымдастықтар мен көлік секторы ұйымдарының, оның ішінде жүк иелері мен экспорттаушылардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның мақсаты жүк айналымы нарығындағы ағымдағы трендтерді талқылау және Қазақстан мен Орта Азия бизнесінің күтілетін шешімдері жөнінде ұсыныстар әзірлеу болды.

Кеңеске қатысушылар жеткізілімдердің тиімділігін арттыру, экспорттаушылар үшін жағдай жасау, транзиттік маршруттарда “озыңқы инфрақұрылым” құру және т. б. мәселелерді қамтыған баяндамалар жасады.

Транскаспий маршрутының тар жерлері мен даму перспективаларына арналған дөңгелек үстелдің жеке тақырыптық сессиясында ” АТСП” ҰК” АҚ Басқарма төрағасы (Президенті) А.Н. Түрікпенбаев қатысушыларды Ақтау портының инфрақұрылымдық қуаттарын ұлғайтудың іске асырылып жатқан және болашақ жоспарларымен таныстырды.

Атап айтқанда, ол Ақтау портының контейнерлік хаб салу, қайта тиеу паркін озық техникамен толық жарақтандыру, теңіз айдынын тереңдету, №3 айлақты ұзарту, сондай-ақ мұнай құю инфрақұрылымының қуатын қалпына келтіру сияқты инвестициялық жобаларын іске асыру, бас жүктер мен контейнерлерді жылына 3,8 млн.тоннаға дейін, ал мұнайды – жылына 12,7 млн. тоннаға дейін ауыстырып тиеу бойынша порттың өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.