+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Жүк тиеу жабдықтары паркі жаңартылды

Компанияның жүк тиеу жабдықтары паркін жаңарту бойынша стратегиялық мақсаттарын кезең-кезеңімен жүзеге асыра отырып, Ақтау порты 20 және 40 футтық контейнерлерді өңдеуге арналған екі «Liebherr LRS 545» ричстакерін сатып алып, пайдалануға енгізді.
Жүк көтерімділігі 45 тоннаны құрайтын ричстакерлер күшті жел кезінде де жүк тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізуге қабілетті, бұл сапалы, қауіпсіз және жедел ауыстырып тиеу бойынша тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді.