+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Жапондық зерттеу тобы ТХКМ зерттеуде

Бүгін, 2023 жылғы 13 маусымда, Ақтау портына Жапонияның халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (JICA) қамқорлығымен жұмыс істейтін және ықтимал ынтымақтастық бағыттарын айқындау үшін Орталық Азия дәліз және Оңтүстік Кавказ логистикасымен жағдайын зерттейтін зерттеу тобы таныстыру сапарымен келді.

Шығыстан келген қонақтар ТҚКМ негізгі теңіз айлағы аумағында болып, барлық өндірістік үдерістермен және болашақ  даму жоспарларымен нақты танысты.

Жапондық JICA агенттігі 2005 жылдан бастап ратификацияланған ынтымақтастық туралы келісім негізінде Қазақстан Үкіметіне қолдау көрсетіп, ҚР жобаларды үйлестіруге жауап береді.