+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Жеңіл автокөлікті рәсімдеу және «АТСП » ҰК» АҚ аумағынан шығару тәртібі (Ақтау порты)

  1. Кеме агенті (кеме қатынасы компаниясының өкілі) автокөлік кемеден толық түсірілген соң жүк алушыларға инвойс пен орау парағын қосып, коносаменттің (кеден қызметінің кеме келгендігі туралы белгісі соғылған) түпнұсқасын береді.
  2. Жүк алушы немесе Жүк алушының сенімхат бойынша өкілі (жүкті қабылдап, өңдеуге құқылы) порт үлгісі бойынша өтінім рәсімдеу үшін «АТСП» ҰК» АҚ Ақтау портына (Теңіз терминалы ғимараты) келеді.

Жүк алушы немесе Жүк алушының сенімхат бойынша өкілі өтінім алған соң порт қызметкерлерінен төлеуге жататын порт қызметтерінің жалпы сомасы (Ақтау портының тарифтері portaktau.kz сайтында орналастырылған) көрсетілген есептерді алады.

 

Анықтама:

         

          Клиенттерге ыңғайлы болу үшін төлемді телефоныңыздағы Kaspi қосымшасы арқылы «Төлемдер»«Сатып алу және тапсырыстар»«Әртүрлі»«Ақтау сауда теңіз порты» сілтемесі бойынша төлеуге болады, мұнда төлем үшін тиісті баған толтырылады.

 

Төлем жасалған соң өтінімге «төлем қолма-қол ақшасыз жасалды» деген белгі қойылады.

  1. Әрі қарай Жүк алушы немесе Жүк алушының сенімхат бойынша өкілі өтінімді бақылаушы қызметтерде рәсімдейді.
  2. Бақылаушы қызметтер өтінімге

–        кеден қызметінде – 3 мөр (кіруге рұқсат етілді, шығуға рұқсат етілді, кеден қызметкерінің жеке мөрі);

–        шекара қызметінде – 1 мөр кіруге-шығуға рұқсат етілді.

Ескерту: Шығуға кедендік мөр алу үшін кедендік брокер беретін импорттық декларация түпнұсқасын ұсыну қажет.

ҚР заңнамасында белгіленген мерзімдерде импорттық декларация беру мүмкін болмаған жағдайда, яғни. жүк келген күннен бастап 1 жұмыс күнінен кешіктірмей автокөлік құралын Ақтау порты аумағында орналасқан уақытша сақтау қоймасына орналастыру қажет.

Жүкті уақытша сақтау қоймасына орналастыру үшін теңіз вокзалы ғимаратындағы уақытша сақтау қоймасының қызметкеріне хабарласып, коносаментті көрсетіп, жүкті уақытша сақтау қоймасына орналастыру туралы өтінішті (үлгі уақытша сақтау қоймасындағы маманда болады) қолмен толтыру керек.

  1. Ақтау порты қауіпті өндірістік нысан екендігін ескере отырып, порт клиенттері
    №2 әкімшілік ғимарат жанында орналасқан еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік қызметінде қауіпсіздік техникасы бойынша кіріспе нұсқамадан өтуі қажет.
  2. Жүк алушы немесе Жүк алушының сенімхат бойынша өкілі өтінім толық рәсімделген соң жүк қоймасындағы автокөлікті алу үшін төмендегідей құжаттар пакетін көрсетеді:

1)      Автокөлікті кіргізуге/шығаруға өтінім;

2)      Коносаменттің түпнұсқасы;

3)      Жүк алушының өкіліне сенімхаттың түпнұсқасы (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

4)      Жеке басты куәландыратын құжат (көшірме);

5)      Автокөліктің полициялық сертификаты, инвойс (қажет болса нотариалдық куәландырылған көшірмелері).