+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Клиенттерге

Назарларыңызға!

Құрметті клиенттер!

«АТСП» ҰК» АҚ бүгінгі таңда Ақтау портын «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағына (бұдан әрі – АЭА) қатысушы ретінде тіркеу шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлайды.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес АЭА аумағында уақытша сақтау қоймасының жұмыс істеуіне тыйым салынады.

Жоғарыда баяндалғандар негізінде, Қоғам Сізге жақын арада Ақтау портындағы уақытша сақтау қоймаларының жабылатыны туралы хабарлайды.

УСҚ жабылу күні туралы қосымша ақпарат Ақтау портының portaktau.kz/ru/ сайтында орналастырылатын болады.

 
Назарларыңызға!

Қазақстан Республикасының “Табиғи монополиялар туралы” Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығымен бекітілген тарифтерді қалыптастыру қағидаларының 639-тармағына сәйкес, “АТСП “ҰК” АҚ қызметтерді тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында бекітілген тарифті уәкілетті органның ведомствосы айқындайтын деңгейден жоғары емес индекстеу жолымен “Сарқынды суларды бұру” және “Суды тарату желілері арқылы беру” реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді арттыру туралы тыңдау өткізеді.

Тыңдаулар 2022 жылғы 14 желтоқсанда сағат 11.00-де қашықтықтан онлайн режимінде өткізіледі. Онлайн көрсетілім ZOOM онлайн конференцияларына арналған платформада өткізілетін болады. ZOOM конференциясына сілтеме бойынша қосылуға болады

https://us05web.zoom.us/j/82463595940?pwd=dlo0TXByVW1JcjN3OU9TbGxscHErUT09 

Конференция идентификаторы 824 6359 5940 қатынау коды 5tp58Q№

“АТСП” ҰК ” АҚ әкімшілігі

Назарларыңызға!

Коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында COVID-19 порт жұмысшылары мен келушілері арасында Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 1 шілдедегі No 31, 2021 жылғы 14 шілдедегі No қаулыларына сәйкес 32, «Ақтау теңіз сауда порты» Ұлттық компаниясы» АҚ аумағына кіру.

Байланыс деректері:

Қалиолла Қайрат Қалиоллаұлы
көлік логистикасы бөлімінің бас менеджері

Немышов Ануар Нургалиевич
коммерциялық жұмыстар бөлімінің бастығы


*
  Пошталық сервер exe, .js, .vbs, .zip файлдарын, парольді авхивтер қамтыған хаттар мен көлемі 10 Мб асатын жалғанған файлдары бар хаттарды қабылдамайтындығын қаперіңізге береміз.

         Паромға билет Ақтау портында сатылмайды. Паромға билет алу үшін төмендегі телефондарға хабарласуға болады:

+7 701 386 1293 Юля (Ferry Management)
+7 777 630 6434 Аслан (ТА Тениз)
+7 701 158 3240 Хамит (ИП Мунатов)



Назарларыңызға!

Құрметті «АТСП» ҰК» АҚ клиенттері, уақытша сақтау қоймасының (бұдан әрі –УСҚ) қызметі қайта жанданғандығын қаперіңізге береміз. УСҚ күн сайын сағат 08.30-дан 20.30-ға дейін демалыссыз қызмет көрсетеді.

Уақытша сақтау қоймасының мамандары:

Ильясов Жангельди Мырзабаевич –  телефон 1128

Гумарова Айнагул Аманиязовна – телефон 1128

Порт өзіне берілген аумақ, айдын мен рейд шеңберінде клиенттермен жасалған шарттар (келісімдер) негізінде төмендегі қызметтерді көрсетеді:

1) Порттың күшімен және құралдарымен орындалатын жүк тиеу-түсіру жұмыстары:

а) айлақтарда бас жүктерді тиеу-түсіру жұмыстары:

  • жүк тиеу-түсіру жұмыстарын қамтамасыз ету;
  • үйілген және бос төгілген жүктерді тиеу;
  • жүктерді сырғытып кіргізу тәсілімен тиеу;
  • контейнерлерді тиеу;
  • жүктерді кран тәсілімен тиеу;
  • габаритті емес және ауыр салмақты жүктерді кран тәсілімен тиеу;
  • теміржол құрамына/құрамынан тиеу/түсіру

б) паром айлақтарындағы жүк-тиеу-түсіру жұмыстары:

  • жүктерді кран тәсілімен тиеу/түсіру;
  • жүктерді сырғытып кіргізу тәсілімен тиеу;

2) Клиенттің күшімен және құралымен орындалатын жүк тиеу-түсіру жұмыстары:

  • Клиенттің күшімен мұнай тиеу-түсіру үшін порттың инфрақұрылымдарын (айлақты қоспағанда) беру;
  • Клиенттің күшімен паром жүктерін тиеу-түсіру үшін порттың инфрақұрылымдарын (айлақты қоспағанда) беру;
  • Клиенттің күшімен астық тиеу-түсіру үшін порттың инфрақұрылымдарын (айлақты қоспағанда) беру;

3) Кемені кейін порттан шығып, жүк операцияларын жүргізуге және/немесе өзге де мақсаттарда портқа кіргізу үшін көрсетілетін қызметтер (кеме кіргізу);

4) жүктерді ашық қойма алаңшаларында және жабық қоймаларда сақтау;

5) жүктерді уақытша сақтау қоймасының қойма алаңшаларына сақтау;

6) коносаменттер, тапсырмалар жазып беру;

7) теңіздің агенттеу қызметі.

Порт өзіне бөлінген аумақта, айдын мен рейдте клиенттермен жасалған шарт (келісім-шарт) негізінде төмендегі қызметтерді көрсетеді:

  1. кемені тұщы сумен жабдықтау;
  2. мұнай/мұнай өнімдерін құю/төгу немесе ЖЖМ бункерлеу операциялары кезінде бондық қоршаулармен қоршау;
  3. мұнай төгілген уақытта айдынды мұнайдан ластанудан тазалау;
  4. итергіш-сүйреткішті арқандау операцияларынан басқа мақсаттар үшін беру;
  5. вагондар, кеме трюмдері мен қойма алаңшаларын жүк қалдықтары мен ажырату қалдықтарынан тазарту;
  6. жүк жеткізу, тасымалдау және жинау;
  7. вагондарды өзге жүктерден тазалау;
  8. уақытша сақтау қоймаларындағы жүктердің жағдайын тексеру;
  9. кемелерді энергиямен қамтамасыз ету;
  10. жүкті қауіпсіз тасымалдау және сақтау үшін ажырату материалдарын ұсыну;
  11. әрі қарай кәдеге жарату үшін кемеден лас және сарқынды суларды қабылдау;
  12. брокерлік қызмет.